Қазір студентке ең қажетті пән – цифрлық қауіпсіздік болып тұр. Сол себепті Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 12-27 қараша аралығында Алматы қаласындағы барлық негізгі жоғары оқу орындарында арнайы сабақтар өткізіп жатыр.
Бұл – жай лекция емес, жастардың ең осал тұсын жаппақ болған қадам. Телефоны қолында, интернеті шексіз, бірақ қауіптен қорғау білген жоқ.
Сабақтар интерактивті форматта өтеді. Әр студент нақты мысалдарды көріп, сұрақ қойып, жауап алып жатыр. Цифрлық алаяқтықтың қалай жұмыс істейтіні, мобильді құрылғыларға шабуыл жасайтын тәсілдер, онлайн-сервистерге кірерде неге сақ болу керектігі түсіндірілуде.
Ең бастысы кибергигиена. Жастарға смартфонды қорғаудың тәсілдері, фишингтік сілтемелерді ажырату жолдары, жеке деректерді сақтаудың қарапайым ережелері нақты көрсетіліп жатыр.
Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары дипфейк технологиясының күшеюін де жай сөзбен емес, нақты мысалмен айтып берді. Бүгінде жасанды бейне арқылы адамды алдау оңай болып барады. Сондықтан әр студент жеке цифрлық қауіпсіздігін өз қолымен қорғауы керек екенін түсініп шықты.
Сабақтардың мақсаты анық цифрлық сауатсыздықпен күресу. Алаяқтықтың жаңа түрлері күн сайын пайда болып жатыр, ал қарсы тұратын күш – ақпарат пен сақтық. Университет қабырғасындағы осы бастама жүздеген студенттің санасында жаңа дағды қалыптастырып, цифрлық қауіпсіздік деген ұғымды өмірлік қажеттілікке айналдырып келеді.

