Маңғыстау облысы әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың халықпен жұмыс стилін риза болдық. Жұма күні сағат 14:00-де басталған халықпен кездесу ресми форматтағы жиналыспен шектелмей, кешкі алтыдан кейін жеке қабылдауға ұласқан, деп жазады Ertenmedia.kz.
Әдетте мұндай қабылдаулар бірнеше сағатқа созылып, күндізгі уақытпен аяқталушы еді. Ақтаудағы жағдайда олай болмады. Әкім тұрғындарды түн ортасына дейін емес, таңғы 7:15-ке дейін қабылдапты.
Әкімнің халықты қабылдау бөлмесінің есігі соңғы тұрғын кіріп шығып болғанша ашық тұрған. Нұрдәулет Қилыбайдың жүздесуге келген 150-ге жуық азамат негізінен тұрғын үй мен жер телімін алу, үлестік құрылыс, жұмыссыздық, денсаулық сақтау, білім, кәсіпкерлік, коммуналдық тариф, қоғамдық бағыттағы сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алған.
Аймақ басшысы әрбір өтінішті мұқият тыңдалып, тұрғындардың көтерген сұрақтары заң аясында қаралатынын айтты. Бірқатар мәселелер сол мезетте шешімін тапса, қосымша уақытты қажет ететін сұрақтар бойынша мәселенің мән-жайына қарай облыстық басқармалар мен Ақтау қаласының әкімдігіне тиісті тапсырмалар берілген.

Облыс әкімінің проблемаларды тыңдау үшін уақыт шектеуін алып тастауы үлкен азаматтық. Кезекте тұрған адамға таңға жақын кірсе де, дәл алдында отырған тұрғын сияқты көңіл бөлу оңай емес екені де түсінеміз. Денсаулық, шаршау, түнгі уақыт деген факторлар бар. Соған қарамастан қабылдауды аяқтамай, соңғы адамға дейін отыру жауапкершілікке деген көзқарасты айқындап берді.
Әдетте арыз тек қағазға жазылып, кабинеттен әрі аспай қалушы еді. Ақтаудағы қабылдау осы қалыптасқан түсінікті бұзды.
Қарапайым халық өз мәселесін делдалсыз, тікелей облыс басшысына айту мүмкіндігіне ие болды. Тұрғын үшін бұл тек жеке проблемасын жеткізу ғана емес, биліктің өзіне деген қатынасын бағалау сәті. Әкімнің түнге дейін емес, таңға дейін отыруы сенімге жұмыс істейтін қадам ретінде қабылданды.

