Астанада коммуналдық саланы цифрландыру инфрақұрылымды дамытудың негізгі бағытына айналып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бүгінде қалаға қар қалың түсіп, жел ұйытқып соққанда көпшілікке біршама қолайсыздық туғызады. Осындай маусымда көшені уақытылы тазалау үшін техника ғана жеткіліксіз, жұмыс тәртібі мен есеп те нақты болуы керек. Сол себепті «Астана Тазалық» кәсіпорны қысқа дайындық кезінде енгізілген цифрлық шешімдерін таныстырды.
Негізгі жаңалық «Цифрлық жол парағы» жүйесі. Ол нақты уақыт режимінде қай техника қай көшеде жүргенін, қандай маршрутпен қозғалғанын, жұмыстың қай уақытта басталғанын, қанша реагент себілгенін көрсетеді.
Яғни, диспетчер де, басшылық та қағаз жинап отырмайды, көріп отырып шешім қабылдайды. Қазір технология 393 арнайы техникаға енгізілген. Нәтижесінде есепті автоматтандыру жеңілдеді, жанар-жағармай шығыны ашық көріне бастады, маршруттарды оңтайландыруға мүмкіндік туды.
Кәсіпорын директоры Замир Сағынов қызметкерлер еңбегіне де назар аудартты:
– Қар жауса, алдымен біздің жігіттер шығады. Көшенің таза, жолдың қауіпсіз болуы солардың қолында, – дейді ол.
Осындай ауыр жұмыста қауіпсіздік пен денсаулық бақылауы да цифрға көшіп жатыр. «Med365» және «Adal Check» платформалары арқылы қызметкерлердің күнделікті медициналық тексерісі онлайн тіркеледі, жүргізуші мен машинистің жұмысқа шығуына рұқсат беру тәртібі бақылауда болады. Мұндай тәсіл адам факторынан туатын тәуекелді азайтып, төтенше жағдайдың алдын алуға көмектеседі.
Бұдан басқа жүргізушінің шаршауын бақылау жүйесі. Ол кабинаның ішіндегі тәртіп бұзушылықтарды тіркеп, шаршау белгілері байқалса, ерте ескерту береді. Қыс мезгілінде ұзақ ауысым, түнгі жұмыс көбейеді, сондықтан мұндай бақылау тәртіп үшін де, жолдағы қауіпсіздік үшін де қажет.
Астана ресми түрде Еуропалық қолжетімді туризм желісіне European Network for Accessible Tourism (ENAT) қосылды. Осылайша елорда ТМД елдері арасында бұл желіге мүше болған алғашқы қала атанды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

