Ақмола облысындағы Астрахан аудандық мәдениет үйінің басшысы бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Прокуратура тексерісі кезінде мәдениет үйінде біраз былықтың беті ашылған. Мекеме басшысы 2022-2024 жылдар аралығында орындалмаған жұмыстарға заңсыз жалақы аударып отырған. Оның әрекетінен мемлекетке 2,6 млн теңге залал келгені анықталды.
«Жауапты тұлға қызмет бабын пайдаланып, бюджет қаражатын өз мүддесіне жұмсаған», – деді прокурорлар.
Сот оны сеніп тапсырылған бөтен мүлікті талан-таражға салғаны үшін кінәлі деп танып, бас бостандығынан айырды. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметке өмір бойы жолы жабылды.

