2026 жылдан бастап Германияда көлікте телефонмен сөйлескен жүргізушілерге айыппұл 440 еуроға (шамамен 243 мың теңге) дейін өседі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Bild басылымының мәліметінше, жаңа ереже жол қозғалысындағы өзге де заң бұзушылық үшін айыппұл мөлшерін біршама арттырған.
Атап айтқанда, жылдамдықты белгіленген межеден сағатына 5 шақырымға арттырғандар 46 еуро, 20 шақырымға асырғандар 229 еуро төлейді. Қызыл шамнан өтіп кетсеңіз 320 еуро, ал көлікті рұқсатсыз жерде тұраққа қойсаңыз 130 еуро санап бересіз. Мүгедектерге арналған орынға қойғаныңыз үшін 400 еуро төлеуге тура келеді. Сондай-ақ, оң жақтан озу немесе көліктер арасындағы арақашықтықты сақтамау сияқты әрекеттерге 380 еуро айыппұл белгіленген.
Биліктің мұндай қадамға баруына жол апатының жиілеуі мен көлік жүргізу тәртібін күшейту қажеттілігі себеп болып отыр. Өзгерістер ел ішінде түрлі пікірталас пен жүргізушілердің наразылығын туғызған.
Салыстырар болсақ, Қазақстанда көлік жүргізу барысында телефонмен сөйлескендерге 5 АЕК (19 660 теңге), қайталанған жағдайда 10 АЕК (39 320 теңге) айыппұл салынады.
Айта кетейік, бұған дейін Жапонияда велосипедті ішімдік ішіп айдағандарды жазалау күшейтіліп, мұндай әрекетке барғандар түрмеге қамалып, жүргізуші куәлігінен айырылатын болған еді. Күні кеше Істер істер басшысы Ержан Сәденов полицияны жол жиегіне қайта шығарған болатын.

