Қазақстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап құжат рәсімдеу құны артады. Бұған айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) көтерілуі себеп болып отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
2025 жылдың 8 желтоқсанында бекітілген «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес, 2026 жылы бір АЕК мөлшері 4 325 теңгеге дейін өседі. Биылғы АЕК 3 932 теңге еді.
Осыған байланысты мемлекеттік баж салығы да қымбаттайды.
Жаңа тариф бойынша қарапайым төлқұжат (36 бет) құны 8 АЕК, яғни 34 600 теңге (2025 жылы 31 456 теңге).
48 беттік төлқұжат – 12 АЕК, яғни 51 900 теңге (2025 жылы 47 184 теңге).
Балалар төлқұжаты – 4 АЕК немесе 17 300 теңге (2025 жылы 15 728 теңге).
Жеке куәлік рәсімдеу үшін 0,2 АЕК, яғни 865 теңге (2025 жылы 786 теңге).
Бір жыл ішінде екі реттен көп жоғалтқан жағдайда куәлікті қалпына келтіру құны 1 АЕК немесе 4 325 теңге.
Жүргізуші куәлігін алу 1,25 АЕК немесе 5 406 теңге болады.
Некені тіркеу туралы куәлік үшін баж салығы 1 АЕК (4 325 теңге), ажырасу үшін 2 АЕК (8 650 теңге). 2025 жылы ажырасу құны 7 864 теңге еді. Туу туралы куәлік бұрынғыдай тегін рәсімделеді. Бірақ жоғалтқан жағдайда қайта жасату үшін 0,5 АЕК немесе 2 163 теңге төлеу керек.
Бұған дейін белгілі экономист Алмас Шөкин Қазақстанды ауыр қыс күтіп тұрғанын болжаған болатын.

