Ел мектептерінде екінші тоқсан аяқталуға жақын. Оқушылардың қысқы демалысы 29 желтоқсанда басталып, 2026 жылдың 7 қаңтарына дейін жалғасады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың демалысын тиімді әрі пайдалы өткізуді ұсынды. Министрлік өкілдері балаларды көркем әдебиет оқуға, музейлер мен көрмелерге баруға, сондай-ақ спортпен айналысып, таза ауада серуендеуге шақырды.
«Демалыс күндері мектептерде де түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Ойындар, танымдық сабақтар мен шығармашылыққа арналған қызықты дәрістер өткізіледі», – делінген министрліктің хабарламасында.
Сонымен қатар ведомство ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін естен шығармауды ескертті. Ата-аналар жол қозғалысы, өрт қауіпсіздігі және интернеттегі сақтық шаралары туралы балаларға жиі айтып отыруы керек.

