Қазақстан киносына еңбегі сіңген танымал актер Мұрат Бисембин 53 жасында ауыр дерттен өмірден өтті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қаралы хабарды марқұмның қызы растаған.
Ашық дереккөздерге сүйенсек, актерге 2024 жылдың қыркүйек айында ауыр диагноз қойылған. Дәрігерлер ұйқыбез обырына шалдыққанын анықтаған. Осы уақыттан бері ол дертпен күресіп келген.
Мұрат Бисембин қазақстандық көрерменге бірқатар кино және тележобалар арқылы кеңінен танылды. Әсіресе оның қылмыстық драма жанрындағы туындыларда сомдаған рөлдері жұртшылықтың есінде қалды. Өнер жолындағы еңбегімен ол отандық кинода өз орнын қалыптастырды.
Марқұмның жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Оның жарқын бейнесі мен өнері көрермен жадында сақтала береді.
Таяуда актердің қызы Мұрат Бисембин инсульт алып, жедел ауруханаға жеткізілгенін айтқан еді. Иманды болсын!
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

