Николас Кейджден ұрланған әйгілі «Action Comics №1» комиксі рекордтық бағаға сатылды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Аты аңызға айналған Супермен туралы алғашқы «Action Comics №1» комиксі рекордтық 15 миллион долларға сатылып, комикстер мен коллекциялық бұйымдар нарығындағы тарихтағы ең қымбат сатылым болды.
1938 жылы алғаш рет жарық көрген бұл комикс сол кезде бар болғаны 10 центке сатылған еді. Нью-Йорк қаласындағы Metropolis Collectibles/ComicConnect компаниясының брокерлері Стивен Фишлер мен Винсент Зурзоло бұл комиксті «комикс әлеміндегі Мона Лиза» деп атады.
Сатылымды Нью-Йорк қаласындағы Metropolis Collectibles/ComicConnect компаниясы жүзеге асырды. Сатып алушы мен сатушының есімдері құпия сақталды.
Бұған дейін қараша айында орнатылған 9,1 миллион долларлық Superman №1 комиксінің сатылымынан да асып түсті. Сондай-ақ, бұл комикс бейсбол карталары нарығындағы ең қымбат саналатын 1952 жылғы Микки Мэнтлдің жаңа ойыншы картасынан (12,6 млн доллар) да қымбатқа сатылып отыр.
«Бұл дананың тарихы өте ерекше», – дейді Metropolis/ComicConnect президенті Винсент Зурзоло. «CGC тарапынан 10 ұпайдан 9,0 ұпай алған бұл жоғары сапалы комикс бір кездері актер Николас Кейджге тиесілі болған, кейін одан ұрланып, 11 жылдан соң табылған».
1992 жылы бұл комикс Sotheby’s аукционында алғаш рет 82 мың долларға сатылып, ең қымбат комикс атанған. Кейін 1996 жылы Metropolis/ComicConnect компаниясы оны Николас Кейджге 150 мың долларға сатып, жаңа рекорд орнатты.
2000 жылы қаңтарда Николас Кейдждің үйінде өткен кеш кезінде комикс ұрланып, 11 жылдан кейін Калифорниядағы қоймалардың бірінен табылған. Metropolis/ComicConnect бас директоры Стивен Фишлер мен Лос-Анджелес полициясының көмегімен комикс иесіне қайтарылған. Кейдж оны 6 айдан кейін ComicConnect.com аукционында 2,2 миллион долларға сатқан болатын.
«Мұндағы ең үлкен ирония ұрлық фактісінің өзі комикстің бағасын еселеп өсірді», – дейді Фишлер. Оның айтуынша, бұл оқиға Мона Лизаның тарихына ұқсайды. 1911 жылы ұрланған атақты сурет екі жыл ұрының төсегінің астында жасырын сақталғаннан кейін, оның құны мен атағы еселеп артқан.
Metropolis/ComicConnect компаниясы Супермен туралы алғашқы комиксті әлемдегі ең құнды коллекциялық бұйымға айналдырды. Компания 2010 жылы алғаш рет 1 миллион долларға сатылған комикс нарығын жаңа биіктерге көтерген еді. 2021 жылы 8,5 миллион долларға дейін жеткен рекорд, бүгінде 15 миллион долларға дейін өсіп отыр.
«Жыл сайын миллиондаған долларға жеке сатылымдар жасаймыз. 26 жылдан астам уақыт бойы біз коллекционерлер мен инвесторлардың арманындағы бұйымдарды алуға көмектесіп келеміз. Бірақ осы комикстің нағыз жанашыр иесіне бұйырғанына ерекше қуанамыз», – деді Зурзоло.
Актер әрі ММА файтері Еркебұлан Тоқтар Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов өзін жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

