Telegram-да кітаптың артында жасырынған қауіпті алаяқтық түрі пайда болды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бас прокуратураның мәліметінше, интернет-алаяқтар оқырманды тегін электронды кітаптардың бай қорымен қызықтырып, торына түсіріп отыр. Алдымен арнайы бот арқылы қалаған туындыңды таңдап, қысқаша мазмұнымен танысасың. Барлығы сауатты, сенімді, тіпті заңды сервистерден айнымайды.
Дегенмен, қызығушылықпен басқан соңғы сілтеме кітап орнына вирус жұққан қосымшаны смартфоныңызға орнатады.
Ал одан кейінгі сценарий көпке таныс: құпия сөздеріңіз ұрланады, банк шотыңызға қауіп төнеді, жеке хаттарыңыз бен суреттеріңіз бөтеннің қолында кетуі мүмкін.
Қарапайым ғана кітап іздеп жүріп, бүкіл өміріңіз алаяқтардың алақанына түсу қаупі бар.
«Мессенджерлер арқылы келген белгісіз сілтемелерді баспаңыз, күмәнді файлдарды жүктемеңіз, тек сенімді көздерден жүктелген қосымшаларға сеніңіз. Цифрлық қауіпсіздік әр азаматтың өз қолында», — дейді прокуратура өкілдері.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

