Қытайдың оңтүстігіндегі ірі сауда әрі қаржы орталығы Гуанжоу қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ресми түрде ашылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Жаңа дипломатиялық орталықтың қызмет ауқымы кең: консулдық Гуандүн провинциясымен бірге Хунан, Хайнан, Юньнань және Гуанси-Жуан автономиялық аудандарын қамтиды. Осылайша, Қазақстан Гуанжөудағы дипломатиялық миссиялардың санын 70-ке жеткізіп, өңірдегі ықпалын күшейте түсті.
Консулдықтың ашылуы екі ел арасындағы сауда және іскерлік байланыстардың соңғы жылдары қарқын алуымен тікелей байланысты.
Қытайдың оңтүстік провинцияларымен арада сауда айналымы айтарлықтай өскен. Іскерлік байланыстар жиілеп, азаматтарымыздың Қытайға сапары көбейді.
Осыған дәлел ретінде, былтыр China Southern Airlines әуе компаниясы Гуанжоу – Алматы бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосқан еді. Бастапқыда аптасына үш рет қатынайтын рейс бүгінде бес ретке дейін көбейіп, жолаушылар ағыны едәуір артқан.
Қазақстан билігі жаңа консулдық бизнес қауымдастықпен жұмысты жеңілдетіп, құжат рәсімдеу мен консулдық қызметтерді жеделдетеді деп үміттеніп отыр. Сондай-ақ консулдық екі елдің экономикалық, іскерлік, мәдени-гуманитарлық қатынастарын жаңа деңгейге көтеретін көпірге айналмақ.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

