Асхат Аймағамбетов депутаттық қызметтен қол үзіп қалған жағдайда айналысатын жаңа кәсібін тез тапқандай, деп жазады Ertenmedia.kz.
Үш жыл бойы бұл идеяны әріптестерімен талқылап, бар тәуекел мен мүмкіндікті саралаған экс-министр енді өз YouTube-арнасын белсенді жүргізбекші.
Арнаның басты мақсаты заң жобаларын халыққа түсінікті, қарапайым тілмен түсіндіру. Атап айтқанда, жаңа заңдар не үшін қабылданды, олар азаматтардың өміріне қалай әсер етеді, нормалар іс жүзінде қалай іске асады деген мәселелерді егжей-тегжейлі баяндап отырмақ.
Сондай-ақ, Аймағамбетов қабылданған заңдардың орындалуы, партиялық бағдарламалардың іске асуы, өз тәжірибесіне негізделген салалық сараптамаларды да ұсынады. Тақырыптарды жан-жақты талқылау үшін арнаға арнайы қонақтар мен сарапшылар шақырылады.
Қазірдің өзінде арнада архивтік видеолар бар. Жақын арада жаңа контент тұрақты түрде жариялана бастайды. «Арнаға жазылыңыздар. Қоғамның маңызды мәселелерін бірге талқылайық», – дейді Асхат Аймағамбетов.
Ал саясаттанушы Уәлихан Төлешов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан «парламенттік реформа» төңірегінде үш іргелі қорытындыға келіп тірелгенін айтты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

