Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев Швейцарияның Давос қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысып, сөз сөйледі, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бұл туралы форум аясында менталды денсаулық күні шарасын ұйымдастырған The Real қорының ресми сайтында хабарланды. Әлиевтің есімі форумның басты спикерлерінің қатарында көрсетіліп, ол The Spark of Light компаниясының негізін қалаушы ретінде таныстырылды.
Нұрали Әлиевпен бірге шараға халықаралық деңгейдегі танымал сарапшылар АҚШ-тың бұрынғы конгрессмені Патрик Дж. Кеннеди мен Колумбия университетіндегі Рухани даму, сана мен денсаулық институтының негізін қалаушы Лиза Миллер секілді танымал мамандар қатысты.
Бұған дейін Әлиев Instagram парақшасында The Spark of Light компаниясының жұмысын бастайтынын жариялаған болатын. Жобаның ресми сайтындағы мәлімет бойынша, компания адамның саналы түрде өмір сүруін қалыптастыруға, ішкі тепе-теңдік пен рухани денсаулықты нығайтуға көмектесуге бағытталған.
Жобаның басты мақсаты адамдарға заманауи әлемдегі өзгерістерге бейімделуге, өмірде үйлесім мен ішкі тыныштық табуға көмектесу.
Айта кетуіміз керек, 22 қаңтар күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Давосқа жұмыс сапарымен барып, Әлемдік бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысады.
Естідіңіздер ме? Канадалық Laramide Resources уран нарығындағы жаңа ережені «ресурсты мемлекет меншігіне өткізу» деп бағалап, Шу-Сарысу бассейніндегі ірі жобадан бас тартты
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

