Пхукет қазақ саяхатшысының жүрегін жаулаған мекенге айналды. Тек былтырдың өзінде Тайландқа 200 мыңға жуық отандасымыз сапарлап барса, соның басым бөлігі дәл осы аралдың жағалауына ат басын тіреген.
Енді осы жұмақ мекенде Қазақстанның жаңа консулдығы ашылады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Консулдықтың негізгі миссиясы жергілікті билікпен тығыз байланыс орнатып, азаматтарымыздың құқығы мен мүддесін қорғау. Сонымен қатар туристік ағымды арттырып, екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастық пен іскерлік қатынастарды кеңейтуге қолайлы жағдай жасау.
Сыртқы істер министрлігі де осы бастаманың қажеттілігін атап өтті. Әсіресе, төтенше жағдайларда жедел байланыс пен шұғыл әрекет етуде консулдық қызметінің орны ерекше болмақ.
Қазіргі таңда Қазақстан мен Тайланд арасын аптасына 34 тікелей әуе рейсі жалғайды. Соның 21-і тікелей Пхукетке бағыт алған.
Айта кетелік, бұған дейін Қытайдың ірі қаржы орталығы Гуанжоу қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ресми түрде ашылған.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

