2025 жылдың 12 айында Түркістан облысында 1274 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (1065 жағдай) 19,6%-ға артып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Осы жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шеккендер саны 15,4%-ға ұлғайып, 1625-тен 1876-ға дейін жетті. Оның ішінде жарақат алғандар саны 18,1%-ға өсіп, 1356-дан 1602 адамға дейін көбейген. Ал қайтыс болғандар саны 1,9%-ға артып, 269-дан 274 адамға жеткен.
Жол апаттары ең көп тіркелген аудандар қатарында Сайрам (183), Түркістан қаласы (177), Жетісай (175), Арыс (84), Түлкібас (72), Келес (68), Шардара (64), Төлеби (52), Ордабасы (52), Отырар (52), Сарыағаш (49), Созақ (47), Сауран (45), Кентау қаласы (41), Қазығұрт (39), Мақтаарал (38), Бәйдібек (36) бар.
Облыс бойынша жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері өзгермеген. Атап айтқанда, жылдамдық режимін сақтамау, жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі және автокөліктер арасындағы ара қашықтықты сақтамау сияқты құқық бұзушылықтар жиі кездеседі.
Осыған орай облыс тұрғындары мен өңірімізге келетін қонақтардан жол ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз.
Сондай-ақ еліміздегі жол-көлік оқиғалары туралы толық ақпаратты ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне тиесілі порталындағы «Авариялық карта» бөлімінен алуға болатынын еске саламыз.
Білесіз бе, Эммануэль Макрон Давостағы форумға «авиатор» стиліндегі көзілдірік тақаннан кейін, iVision Tech компаниясының акциясы бір тәулікте 28 пайызға қымбаттады.
#Заң_мен_Тәртіп
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

