ҰҚК Шекара қызметі иттерге арналған құрғақ жем сатып алуға 3 миллиард теңге бөлді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Мұны естігенде, шынымызды айтсақ, сенбей қала жаздадық. Иә, дәл солай, миллиард! Кәдімгі иттердің тамағына миллиард жұмсалмақ.
Әрине, шекара күзеткен иттеріміздің ас-ауқаты да ерекше болуы керек шығар. Жұмыстары ауыр, жауапкершіліктері зор, оған ешкім таласпайды. Бірақ бәрібір күмәнді. Шекарашыларда сонда қанша ит бар?
Ең қызығы, мемлекеттік сатып алулар порталында ҰҚК-ның бұл келісімінің егжей-тегжейі жарияланбайды екен. Құпия сақталуы тиіс құжаттардан көретініміз тек «қызметтік ақпаратты жарияламау міндеттемесі» деген жазу ғана. Амал жоқ, енді олардың адалдығына сенуден басқа шарамыз қалмай тұр.
Айтпақшы, байқауға ит тағамын жеткізуге ниет білдірген компаниялардың саны – 127! Осыншама компания бәсекеге түскен болса, баға біршама төмендеген шығар деп үміттенеміз. Бірақ шын мәнінде бағаның қаншалықты арзандағаны белгісіз, оны ашық база көрсетпейді.
Осы тұста оқырмандарымызға сұрақ бар. Мт асырайтын ағайындар, сіздер бір итке жылына шамамен қанша теңге жұмсайсыздар? Айтыңыздаршы, бәлкім, сол кезде 3 миллиард теңгеге қанша итті тойдыруға болатынын шамалап болжай алар ма едік?! Әйтпесе, миллиард деген саннан басымыз айналып кетті…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасынан соң Үкімет салық реформасын қоғамға түсіндіру үшін бар күшін салып жатыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

