Ғалымдар ғасырлар бойы мерез (сифилис) ауруының нақты қай аймақта пайда болғанын анықтай алмай келген болатын, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жақында Колумбиядағы үңгірлердің бірінен мерезді қоздыратын Treponema pallidum бактериясының ең ежелгі іздері табылды.
Live Science басылымының хабарлауынша, табылған адамның қаңқасы шамамен 5500 жыл бұрын өмір сүрген. Зерттеулердің генетикалық нәтижелері адам ағзасында бұған дейін белгісіз болып келген T. pallidum штаммы болғанын анықтады. Жаңалық мерездің эволюциялық тарихын одан сайын күрделендіре түсті.
Ғалымдар жаңа анықталған геномға TE1-3 деген атау беріп, бұл штамм бүгінгі күнге дейін белгілі болған өзге түрлерінен айтарлықтай ерекшеленетінін айтты. Геномдар арасындағы айырмашылықтарды статистикалық талдау негізінде TE1-3 штаммы шамамен 13 700 жыл бұрын басқа түрлерден бөлініп шыққаны белгілі болды. Осы арқылы трепонемалар Америка құрлығында бұған дейін болжанғаннан әлдеқайда ерте таралған деген қорытындыға келіп отыр.
Дегенмен жаңа табылған геном трепонемалардың ертедегі түрлері, соның ішінде TE1-3, жыныстық жолмен жұғу қабілетіне ие болды ма деген сұраққа жауап бере алмайды.
Миссисипи университетінің антропологтары Молли Цукерман мен Лидия Бэйли бұл зерттеуге қатыспаса да, жаңа табылған деректер «мерездің шығу тегі Еуропада емес, Америкада болуы мүмкін екенін көрсетеді» деп есептейді.
Ғалымдардың пайымдауынша, ежелгі трепонема геномдарын заманауи штаммдармен салыстыру соңғы онжылдықта қайтадан бүкіл әлемге тарай бастаған мерезбен күресу жолдарын әзірлеуге, сондай-ақ жұқпалы аурулардың тарихын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Айтпақшы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев бүгінгі жанжалға қатысты екіұшты мәлімдеме жасап, әлемжелі мен ақпарат құралдарында тараған деректер шындыққа сай келмейтінін айтты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

