Баласын «бұзған» ата-ананың қалтасы қағылады. Қазақстанда отбасындағы жауапсыздық үшін жаза күшейтіледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Енді ата-аналар бала-шағасының тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін қатаң жауапкершілікке тартылады.
«Бала құқықтары туралы» заңның 37-бабына сәйкес, әрбір ата-ана перзентіне салауатты өмір салтын үйретуге міндетті. Ал Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабында бұл талапты орындамаған жағдайда жаза қолданылатыны нақты жазылған.
Енді заң жүзінде баланың көзінше арақ-шарап ішу, темекі тарту сияқты әрекеттер «зиянды әдеттерге баулу» деп бағаланады.
Талапты бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Бірінші рет ескерту емес, бірден 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Қайталанған жағдайда айыппұл көлемі артады немесе ата-ана 5 тәулікке дейін қамалуы мүмкін.
Егер ересектердің іс-әрекеті баланың спирттік ішімдік ішуіне түрткі болса, айыппұл 20 АЕК-ке дейін артады немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.
Ата-ананың зиянды әдеті баласына күш көрсетуге әкелсе, бұл үшін ең ауыр жаза – 50 тәулікке дейін әкімшілік қамақ немесе 100-ден 200 АЕК-ке дейінгі айыппұл белгіленген.
Айта кетейік, 2026 жылы бір АЕК көлемі 4325 теңге. Демек, бала тәрбиесіне немқұрайды қарайтын ата-аналар 865 мың теңгеге дейін айыппұл арқалауы мүмкін.
Бұған дейін біз 2026 жылдың үнсіз келген өзгерістер туралы егжей-тегжейлі жазған болатынбыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

