3–4 ақпан күндері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Президент Исламабадта Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф және осы елдің президенті Асиф Әли Зардаримен кездеседі. Тараптар екіжақты әріптестікті тереңдету мәселелерін талқылап, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтуді көздеп отыр.
Әсіресе өзара сауда айналымын арттырып, инвестиция тарту, екі ел кәсіпкерлері арасындағы байланыстарды нығайтуға ерекше екпін қойылады.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Пәкістан бизнес-форумына қатысады. Форум екі елдің іскер топ өкілдерінің диалог алаңына айналып, тың жобаларға жол ашады деп күтілуде.
Айта кетелік, бұған дейін АҚШ президенті Қазақстан басшысын Майамидегі маңызды форумға шақырған болатын.
«АҚШ-тың осы елмен қарым-қатынасы әдемі деңгейде және одан әрі де нығая түседі. Келер жылы Майамиде өтетін G20 саммитіне Қазақстан көшбасшысын құрметті қонақ ретінде шақыруға ниеттіміз», – деген еді Трамп.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

