Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылар енді жылдық табысының 1%-ын Astana Hub инновациялық кластерінің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жобаларына бағыттауға міндеттеледі, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бұл өзгерістер ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы №34 бұйрығымен бекітілген. Жаңа талап 2026 жылдың 14 ақпанынан бастап күшіне енеді.
Құжатқа сәйкес, енді жер қойнауын пайдаланушы компаниялар ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық немесе тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, сондай-ақ Astana Hub инновациялық кластері қатысушыларының жобаларын қаржыландыруға міндетті. Қаржыландыру көлемі жер қойнауын пайдалану келісімшарты бойынша өткен жылғы жалпы табыстың кемінде 1%-ын құрайды.
Қаржыландыру міндеттемелеріне мына шығындар жатады:
Келісімшарт аясындағы және келісімшартқа тікелей қатысы жоқ, жоғары қосылған құны бар өнім шығаруға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстары;
Экология, еңбек қауіпсіздігі, энергия үнемдеу салаларындағы зерттеулер мен жобалар;
Қазақстанның заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын ғылыми қызмет субъектілерінің зерттеулері мен жобалары;
Инновациялық-индустриялық инфрақұрылым элементтерін қаржыландыруға кеткен шығындар.
Astana Hub кластерінің қатысушыларының жобаларына бағытталған қаражатты кластердің дербес қорына аудару да қаржыландыру міндеттемелерінің орындалуы болып саналады.
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін жаңа жылдан бастап салық төлеу айтарлықтай жеңілдейді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

