Белгілі қоғам белсендісі әрі саясаткер Ермек Нарымбай Астана қаласында қамауға алынды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Журналист Лұқпан Ахмедияровтың хабарлауынша, сот шешімі түнде, сағат 01:23-те шыққан. Нарымбайға әлеуметтік желілерде ақпарат жариялауға тыйым салған сот қаулысын бұзды деген айып тағылды. Енді ол 2026 жылдың 3 сәуіріне дейін қамауда болады.
Бұған дейін белсенді Қырғызстан аумағында жүрген жерінен ұсталып, Қазақстанға депортацияланған еді. Ахмедияровтың айтуынша, депортациялау туралы сот шешімі шықпаған.
Қазір Нарымбай Астана қаласының полиция департаментінде қамауда отыр.
Еске салсақ, Ермек Нарымбай Қазақстаннан 2016 жылдың шілде айында кетіп, Украинада бірнеше жыл тұрған. Сол жылы оны әлеуметтік желілерде араздықты қоздырды деген айыппен үш жылға соттаған болатын. 2021 жылы оның есімі Қазақстандағы терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты тұлғалар тізіміне енді. Ал 2022 жылы Алматы әуежайында ұсталғаннан кейін, ол қамауда азаптауға ұшырағанын айтып, аштық жариялаған еді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

