ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Сатыбалды Дәулеталин жаңа Конституция жобасы бойынша кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді. Жиында негізгі заңның еңбек адамын қорғауға бағытталған тұстары жан-жақты талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz.
ҚРКФ Төрағасы Сатыбалды Дәулеталин жаңа Конституциядағы басты құндылық адам екенін атап өтті.
– Жаңа Конституция жүйеден жоғары тұратын адам құндылығын бекітетін құжат. Онда еңбек ету құқығы, лайықты жалақы мен еңбек жағдайына қатысты мемлекеттің жауапкершілігі нақты белгіленген. Енді заңдар бір ғана орталықтың қалауымен емес, халықтың қатысуымен қабылданады. Әрбір жұмысшының өз дауысын естіртуге мүмкіндік беретін қадам, – деді Сатыбалды Дәулеталин.
ҚРКФ Төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев Конституция жобасында «еңбек ету бостандығы» ұғымының орнына «еңбек ету құқығы» енгізілгенін түсіндірді.
– Бұл маңызды өзгеріс. Еңбек ету құқығы мемлекеттен жұмыс орындарын қамтамасыз етуді талап етеді, яғни билік халықтың алдында жауапты болады, – деді ол.
Аумақтық кәсіподақ бірлестіктерінің басшылары Конституция жобасының маңыздылығын атап өтіп, оның қарапайым еңбек адамын қорғайтынын айтты.
Жиын қорытындысы бойынша Сатыбалды Дәулеталин Конституция жобасын еңбек ұжымдарында кеңінен түсіндіруді тапсырды. Оның айтуынша, жаңа Конституцияны қабылдау ғана емес, оны күнделікті өмірде іске асыру маңызды.
– Конституция қағазда жазылып қана қоймай, шын мәнінде әрбір азаматты қорғайтын құжат болуы керек. Ол үшін қоғамның әр мүшесі бұл заңның мән-маңызын терең түсінгені жөн, – деп түйіндеді ҚРКФ Төрағасы.
Қазақстан Ұлттық банкі «Цифрлық теңгені шығару, айналымға енгізу және өтеу тәртібін бекіту туралы» қаулы жобасын әзірлеп, талқылауға ұсынды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

