Қарағанды облысында «Ауыл» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында елдің саяси өміріндегі маңызды құжат жаңа Конституция жобасы талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Шараға Саяси кеңес мүшелері, бастапқы партия ұйымдарының басшылары, белсенділер мен партияның кадрлық резерві қатысты.
Отырысты ашқан «Ауыл» партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Руслан Никонович жаңа Конституция жобасы «Әділетті Қазақстан» құрудың құқықтық әрі саяси негізі болатынын ерекше атап өтті.
«Конституциялық реформа мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Халыққа Жолдауындағы стратегиялық бағыттар партия жұмысындағы басты бағдарымыз», – деді ол.
Кеңейтілген отырыста жаңа Конституция жобасының ауылдық аймақтардың дамуына, аграрлық секторға, жергілікті өзін-өзі басқаруға және әлеуметтік саясатқа тигізер әсері жан-жақты талқыланды.
Саяси кеңес мүшесі Сергазы Адекенов партияның негізгі міндеттерінің бірі – Конституциядағы жаңашылдықтардың мән-маңызын халыққа түсінікті түрде жеткізу екенін айтты.
«Жаңа Конституция халықтың мүддесін қорғап, билік тармақтарының теңгерімін сақтайды, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтады. Бұл – маңызды өзгеріс», – деді ол.
Абай ауданы мәслихатының депутаты, «Ержанов» шаруа қожалығының жетекшісі Алтай Әбішев Конституция жобасын қолдап, оның ауылды өркендетуге, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Партиялық белсенді Сәкен Келдібаев мемлекеттік маңызы зор құжаттарды қоғамдық талқылауға қатысу өте маңызды екенін, өйткені жаңа Конституция қоғамның әділдік пен ашықтыққа деген сұранысын бейнелейтінін жеткізді.
Ал «Әйел қанаты» бастауыш партия ұйымының төрайымы Марина Шиллер болса, жаңа Конституция жобасы азаматтық белсенділікті күшейтіп, отбасы институтының маңызын арттырып, әйелдердің қоғамдық-саяси өмірдегі орнына ерекше көңіл бөлетінін айтты.
Контекст
Шет аудандық партия ұйымының төрайымы Арайлым Әмірованың пікірінше, жаңа Конституция жобасын кеңінен талқылау – Қазақстанда азаматтық қоғамның жетілгендігін және азаматтардың ел болашағын қалыптастыруға белсене араласуға ұмтылысын көрсетеді.
Шара соңында «Ауыл» партиясының 25 жылдығына орай партия белсенділері арнайы мерейтойлық медальдармен марапатталды. Осылайша кеңейтілген отырыс тек партияішілік шара ғана емес, мемлекеттік реформалар бойынша ортақ пікір алмасудың маңызды алаңына айналды.
Біле жүріңіз, енді WhatsApp қолданушылары мессенджердің веб-нұсқасы арқылы компьютерден тікелей дауыс және бейнеқоңырау жасай алады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







