Әйгілі «Үркер» тобының жетекшісі әрі әншісі Айдос Сағат қазақтан шыққан атақты меценат Медау Пұсырманов нағашы атасы екенін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Айдос Сағаттың айтуынша, Алматыдағы әйгілі Медеу шатқалы мен мұз айдынына есімі берілген Медау Пұсырманов анасы жағынан арғы атасы. Анасының әулеті Медеудің екінші әйелі Тәттіжаннан тараған екен. Медеудің әйгілі ақбоз үйі дәл қазіргі мұз айдынының орнында тігіліпті. Қыстыгүні Медау Пұсырманов осы үйдің маңына мұз құйып, балалар әртүрлі құрал-сайманмен сырғанап, көңіл көтерген.
Медау Пұсырманов қазақ даласындағы алғашқы кәсіпкерлердің бірі. Ол табанды еңбегінің арқасында дәулетке жетіп, өз заманы үшін өте озық көзқарастағы, білімді тұлға болған. Қазақтарды егіншілікке, кәсіпке, отырықшылыққа шақырып, балаларын оқытуға ерекше мән берген.
Ол Верный қаласының (қазіргі Алматы) құрылыс жұмыстарына белсене араласып, қаланы көгалдандыру мен абаттандыру ісіне айрықша көңіл бөлген. Оның бастамасымен Медеуге баратын жолдың бойына қайыңды аллея, Теріскейбұтақ – Каменка үстіртіне бақтар, Беделбай өзені аумағына («Просвещенец» ауылы), Бағанашыл мен «Түрксіб» шипажайының айналасына еменді тоғайлар отырғызылған.
Верныйдың ең көрікті көшесі болған генерал Колпаковский (қазіргі Достық даңғылы) көшесі тікелей Медеудің иелігіне қарай тартылған. Осы аумақта сол заман талабына сай келетін бірнеше ағаштан салынған сәнді үйлер бой көтерген.
Медау Пұсырманов қайырымдылық істерге де белсене араласып, Верныйдағы жер сілкінісі, су тасқыны мен ашаршылық зардаптарын жою үшін халыққа материалдық жағынан ауқымды көмектер көрсеткен. Осы жомарттығының арқасында қала халқының арасында беделі зор болған. Оның мәрттігі, адамгершілігі мен ел арасындағы абыройын ұлы ақын Жамбыл да өз жырларына қосып дәріптеген.
– Кейде өзара қалжыңдасып, атамыздың алтын толы сандығы бір жерде жасырулы жатқан шығар деп күлеміз. Дегенмен Медау атамыздың жомарт болғаны сонша, алтынды сандыққа тығып, қызғанып жинаған адам емес еді, – дейді әнші Айдос Сағат.
Бүгінде Медау Пұсырмановтың ұрпақтары атақты бабасының абыройын асқақтатып, есімін мақтанышпен айтып жүр. Әсіресе әнші Айдостың бұл ақпаратты көпшілікпен бөлісуі – баба мұрасына құрметтің жарқын мысалы. Қазақта «Жақсының аты өлмейді» деген сөз бар, осы орайда Медау Пұсырмановтың есімі ел жадында мәңгі сақталары анық.
Атышулы әзілкеш Нұрлан Сабыров тағы да даудың ортасында қалды. Күні кеше Ресейге кіре алмай, елге қайтып келген комик ресейлік баскесерлерге қолдау білдіргені үшін ұзақ жылға сотталуы мүмкін.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

