Президент Тоқаев жаңа Конституция бойынша жалпыхалықтық референдумды 2026 жылдың 15 наурызына белгіледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Ақорданың ресми сайтында жарияланған жарлықта: «2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізілсін. Жалпыхалықтық дауыс беруге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы шығарылсын.
Референдумға қойылатын сұрақ: «2026 жылдың 12 ақпанында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?»
делінген.
Жаңа Конституцияның жобасы осы жылдың 12 ақпанында БАҚ-та ресми түрде жарияланған болатын. Ата заңның тың нұсқасы қоғамда кеңінен талқыланып, қазақтілді қауым құжаттың кейбір тұсына көңіл толмастық білдірген еді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

