Көкшетау қаласында «Ауыл» партиясының өңірлік филиал өкілдеріне арналған «Жаңартылған Конституция – тұрақты даму негізі» атты республикалық семинар-кеңес өтті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Іс-шараның басты мақсаты жаңа Конституция жобасының мазмұнын жан-жақты түсіндіру, мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңашылдықтарды талқылау және халық арасында құқықтық мәдениетті нығайту.
Жиын барысында қатысушылар жаңа Конституцияның негізгі ережелеріне терең тоқталып, оның еліміздің саяси жүйесіне тигізер оң әсерлерін сараптады. Әсіресе билік тармақтары арасындағы өкілеттіктердің теңгерімі, жергілікті өкілді органдардың құзыретін кеңейту, өңірлердің дербестігін арттыру мәселелері қызу талқыланды.
Сондай-ақ, семинарда өңірлік филиал өкілдері Конституциялық реформаны жергілікті деңгейде тиімді іске асырудың жолдары мен тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудың, қоғамдық белсенділікті күшейтудің маңызды әдістерін ортаға салды.
Жиын барысында «Заң мен тәртіп» және «Адал азамат» тұжырымдамалары құқықтық мемлекетті қалыптастырудың басты негізі ретінде талқыланды. Қатысушылар заң үстемдігін нығайту, қоғам алдындағы жауапкершілікті арттыру және мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді күшейту мәселелерін ерекше атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша өңірлік филиал өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдайтындарын жеткізіп, оны халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажеттігін мақұлдады.
Бүгін «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев жаңа Конституция жобасын толық қолдап, оны жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

