Ресейдің ақпараттық алаңы тағы да үлкен өзгерістің алдында тұр. Мемлекеттік дума Google компаниясының жұмысын тоқтатуға дейін баруға әзір деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Ресей депутаттары интернет алыбынан қарызын толық қайтаруды талап етіп отыр. Ақпараттық саясат жөніндегі комитет өкілдерінің мәлімдеуінше, техникалық тұрғыдан Google-ды бұғаттау қиындық тудырмайды.
Алайда Роскомнадзор бірден қатаң шара қолданбай, компанияның ел нарығына қайта оралып, берешегін өтеуін күтуі мүмкін.
Бұған дейін ресейлік БАҚ Google-дың жергілікті еншілес компаниясының қарызы астрономиялық деңгейге жеткенін жазған еді. Қарыз көлемі – 91,5 квинтиллион рубль, яғни 20 таңбалы сан.
Мұндай қарыздың қайдан және қалай пайда болғаны белгісіз, бірақ Google үшін Ресей нарығының есігі жабылу алдында тұрғаны анық байқалады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

