Бүгін Алматыда жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап.
Жер асты дүмпулері Астана уақытымен сағат 15:08-де болған. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 74 шақырым жерде, Есік қаласынан шығысқа қарай 31 шақырым қашықтықта орналасқан.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 4,9. Алматы тұрғындары мен қала маңындағы елді мекендерде дүмпу анық сезілді.
Әзірге зардап шеккендер мен ғимараттардың зақымданғаны туралы ресми ақпарат түскен жоқ. Жергілікті билік пен құзырлы органдар жағдайды бақылауда ұстап отыр. Тұрғындарға сақтық шараларын сақтау керектігі ескертіледі.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

