TikTok-тың әлем бойынша ең танымал әрі ықпалды контент авторларын біріктіретін халықаралық жобасы The Discover List тізімінде Қазақстан екінші жыл қатарынан бой көрсетіп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
2026 жылы осы беделді тізімде еліміздің атынан Алматыда тұратын суретші Әсел Сабыжанқызы бақ сынады. Ол TikTok платформасында қазақ мәдениетін әлемдік деңгейде танытып жүрген таланттардың біріне айналды.
TikTok платформасы жыл сайын дүние жүзінен аудиторияға шабыт сыйлайтын, тренд қалыптастыратын ең үздік 50 контент авторын таңдайды. Авторлар бес бағытта ұсынылады: Оқытушылар, Гурмандар, Иконалар, Инноваторлар және Кәсіпкерлер.
Өткен жылы осы тізімде Қазақстаннан шыққан авторлардың алғашқы легін орыс тілі пәнінің мұғалімі Ботагөз Омарова бастап берді. Ол Жетісу облысының Алакөл ауданынан шыққан тәжірибелі ұстаз ретінде өз пәнін әлеуметтік желі арқылы қызықты әрі танымды жеткізе білді.
Ал биыл TikTok-тың таңдауы өнер әлеміне түсті. Әсел Сабыжанқызы өзінің ерекше авторлық техникасы – «Carpet Art» арқылы дәстүрлі қазақ өнерін заманауи digital кеңістікке батыл алып шықты. Ол кілем бетіне көркем суреттер салып, ұлттық ою-өрнекті заманауи визуалды өнермен шебер ұштастырып келеді.
Ассольяның туындылары қазақ дәстүрлерін, түркі тарихын және ұлт қайраткерлерінің бейнелерін заманауи стильде жаңаша көрсетеді. Оның айрықша жобаларының бірі – Ұлы дала патшайымдарына арналған серия. Бұл жұмыстар жоғары детализациясымен және ұлттық нақышымен көз тартады.
Сонымен бірге суретші әлемге әйгілі тұлғалар – Дженнифер Лопес, Килиан Мбаппе, Джеки Чан және Димаш Құдайбергеннің портреттер сериясын жасады. Кейбір туындыларын суретші тұлғалардың өз қолына табыстаған. Осындай оқиғалар халықаралық БАҚ назарын аударып, Қазақстанның мәдениетіне деген әлемдік қызығушылықты арттырған.
«The Discover List тізімінде Қазақстанның атынан шығу – үлкен мәртебе. Мен ұлттық өнеріміздің әлемдік digital мәдениетке еркін еніп, жаңаша көзқарас қалыптастыра алатынына сенемін», – дейді Әсел.
Қазақстандық креаторлардың жаһандық платформада табысқа жетуі TikTok-тың еліміздегі шығармашылық индустрияларды дамытудағы рөлін айқындап отыр. Платформа Қазақстандағы таланттардың өз аудиториясын табуына, кәсіби тұрғыда дамуына үлкен мүмкіндік ұсынады.
Контекст
Ботагөз бен Әсел секілді авторлардың жетістігі – қазақстандық креативті индустрия өкілдерінің жаһандық digital кеңістікте өз орнын тапқанын көрсетеді. Олар қазақ мәдениетін, ұлттық мазмұн мен визуалды ерекшеліктерді халықаралық аудиторияға түсінікті тілде жеткізіп, жаңа мәдени үрдістердің бастаушысына айналып келеді.
TikTok-тың операциялық бөлімінің жаһандық басшысы Джеймс Стаффорд: «Біз әлемнің түкпір-түкпірінен ерекше авторларды қолдап, жаңа таланттардың танылуына мүмкіндік беретін кеңістік құрудамыз. Осы жылы да The Discover List арқылы бүкіл әлем назарын аударуға лайық 50 креаторды қуана ұсынып отырмыз», – деп атап өтті.
Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында қалыптасып жатқан жаңа цифрлық әдеттің бірі – геолокациямен бөлісу. Олар әлеуметтік желілерде өздерінің қайда жүргенін жиі көрсетіп отырады. Бұл қаншалықты қауіпті екенін білесіз бе?
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







