Жаңа Конституция жобасында «жыл сайынғы еңбек демалысы» термині арнайы көрсетілмегенімен, қызметкердің демалыс құқығы толық қорғалған. Бұл туралы Астанада өткен партияаралық диалогта Қазақстан Халық партиясының мүшесі Асылбек Нұралин түсіндіріп берді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Нұралиннің айтуынша, демалысқа қатысты нақты ережелер – демалыс мерзімі, ақы төлеу тәртібі – Конституция деңгейінде емес, Еңбек кодексінде бекітілген. Бұл әдіс еңбек қатынастарын икемді әрі тиімді реттеуге, қызметкерлердің демалу құқығын Конституция мен заң деңгейінде бірдей қорғауға мүмкіндік береді.
«Жаңа Конституция еңбек құндылығын жоғары әлеуметтік құндылық ретінде бекітеді. Адамның еңбек ету құқығын қорғау – мемлекеттің басты міндеті. Сондықтан қызметкерлердің лайықты еңбек пен оған сай демалыс алуға деген құқықтары толық қорғалады», – деп атап өтті Асылбек Нұралин.
Айта кетейік, жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыхалықтық референдум 15 наурызда өтеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







