Танымал театр және кино актері Азамат Сатыбалды журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында «Қазақфильмді» басқарған кезеңі туралы айтты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Өнер иесі студия тізгінін небәрі бір жыл ұстауына шаршау ғана емес, түрлі қысым мен кедергілер себеп болғанын айтты. Оның сөзінше, басшылыққа келген алғашқы күннен бастап жүйені жаңғыртып, ұзақмерзімді даму бағытын айқындауға кіріскен.
– Қазақфильмле ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін айтып шаршадым. Аптасына жеті күн жұмыс істедім. Талантты режиссерлерді шақырып, бес жылдық бизнес-жоспар құрдық. Студияны табысқа шығарудың нақты жолын жасадық.
Бірақ аяғымнан шалғандар болды. Қазірден осылай болса, кейін не боларын ойладым. Қазірдің өзінде жаманатты қылып көрсетіп жатса, ертең атып кетпесіне кім кепіл деп қауіптендім, – деді Азамат Сатыбалды.
Актердің айтуынша, қызметі барысында жеке басына да қысым жасалған. Көлігіне қастандық жасалғанын, белгісіз нөмірлерден үйінің мекенжайы мен суреттері жіберілгенін жеткізді. Сол себепті отбасының қауіпсіздігі үшін алаңдағанын жасырмады.
– Күнде соғыс, күнде майдан болды. Отбасымды, баламды уайымдадым. Сол ортада жүрген белгілі бір топтың әрекеті сезілді, – деді ол.
Азамат Сатыбалды қызметтен кету туралы шешімді ойланып қабылдағанын айтты. Шәкен Аймановтың рухына барып, іштей рұқсат сұрағанын да атап өтті. Қазір бұл шешіміне өкінбейтінін жеткізді.
Белгілі әнші Тоқтар Серіков желіге жастық шағындағы суретін жариялап, өткен күндерді сағынышпен еске алды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







