Еліміздің басым бөлігінде циклон және атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Осыған байланысты жауын-шашын күтіліп, қар аралас жаңбыр жауып, тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Абай облысында түнде батыс, солтүстік және шығыс аудандарда қар жауып, жаяу бұрқасын көтеріледі, күндіз аталған аудандарда қар аралас жаңбыр, көктайғақ және жаяу бұрқасын күтіледі. Ауа температурасы түнде -10-15°С, облыстың оңтүстігінде -5°С, күндіз 0,-5°С аралығында болады.
Ақмола облысының батыс, солтүстік және шығыс аудандарында түнде қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз осы аудандарда қар аралас жаңбыр, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде -5-10°С, шығыс бөлігінде -13°С, күндіз 0,-5°С шамасында.
Ақтөбе облысының батыс, солтүстік және шығыс аудандарында түнде қар жауып, бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады, күндіз аталған аудандарда жауын-шашын, көктайғақ пен бұрқасын сақталады. Облыстың кей жерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 9-14 м/с, батыс, солтүстік және орталықта екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Температура түнде 0,-5°С, шығыста -8°С, күндіз 0,+5°С аралығында.
Алматы облысының батыс, оңтүстік және таулы аудандарында түнде қар, күндіз жауын-шашын болады. Солтүстік, оңтүстік және таулы аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде 0,-5°С, солтүстік және таулы аудандарда -8-13°С, күндіз +2+7°С, солтүстікте және таулы аудандарда 0,-5°С аралығында.
Атырау облысында жауын-шашын (қар аралас жаңбыр), бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Кей жерге тұман түседі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде -3,+2°С, күндіз +3+8°С.
Шығыс Қазақстан облысының батыс, солтүстік және шығыс аудандарында қар жауып, бұрқасын көтеріледі. Кей жерге тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с болады. Температура түнде -10-15°С, солтүстікте -18°С, күндіз 0,-5°С, солтүстікте -8°С.
Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында түнде қар аралас жаңбыр, күндіз жаңбыр, кей жерлерде күшті жаңбыр мен қар жауады. Облыстың таулы аудандарында бұрқасын, көктайғақ және тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Температура түнде 0,-5°С, таулы аудандар мен солтүстікте -8°С шамасында.
Жетісу облысының шығысы мен орталығында және таулы аудандарда түнде қар, күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын жел 9-14 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с дейін күшейеді. Температура түнде -5-10°С, солтүстікте және таулы аудандарда -15-20°С, күндіз 0,+5°С.
Қар мен жаңбыр жауады, араласып…
Батыс Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр, бұрқасын және тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Температура түнде және күндіз -2,+3°С аралығында болады.
Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында түнде қар жауып, күндіз қар аралас жаңбыр күтіледі. Көктайғақ, бұрқасын және тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 9-14 м/с болады. Температура түнде -10-15°С, шығыста -18°С, күндіз 0,-5°С шамасында.
Қызылорда облысының солтүстік, шығыс және оңтүстігінде қар аралас жаңбыр, бұрқасын және көктайғақ болады. Тұман күтіледі. Солтүстікте және шығыста жел екпіні 15-20 м/с. Температура түнде 0,-5°С, солтүстікте және шығыста -8°С, күндіз +1+6°С.
Маңғыстау облысында жауын-шашын (қар аралас жаңбыр), күндіз жаңбыр болады. Кей жерге тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел 15-20 м/с-қа жетеді. Температура түнде 0,+5°С, солтүстік-шығыста -3°С, күндіз +5+10°С аралығында.
Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз қар, бұрқасын және көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с. Температура түнде -8-10°С, күндіз -1-3°С.
Алматыда таңертең және күндіз жауын-шашын (негізінен жаңбыр), тұман түседі. Шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с-қа жетеді. Түнде 0,-2°С, күндіз +5+7°С болады.
Шымкентте көшпелі бұлт, жаңбыр, кей уақыттарда күшті жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Температура түнде +3+5°С, күндіз +6+8°С болады.
Танымал театр, кино актері Азамат Сатыбалды журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында «Қазақфильмді» басқарған кезеңінде адам сенгісіз жайсыз жағдайлар туралы айтты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







