Әр мереке сайын гүл сыйлау ерекше сезім мен махаббаттың белгісі. Дегенмен, кейбір адамдар олардың тез солып қалатынын айтып, мұндай сыйлықтың мәнін түсінбеуі мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бәлкім, осы жағдайда ыдыстағы гүлдер сыйлау жақсы шешім болар еді. Бұл өсімдіктер ұзақ уақыт бойы гүлдеп, сүйіктіңізді, анаңызды немесе әріптесіңізді қуанта алады.
Әсем азалиялар
Үй жағдайында өсіретін гүлдердің ішінде әсіресе азалия ерекше танымал. Оның гүлдері түрлі түске және пішінге ие, әрі ешқандай иісі жоқ.
Азалия көздің жауын алатын, өте әдемі гүл. Ол жылына бір рет гүлдеп, иесін қуантады. Дегенмен, азалия ерекше күтімді қажет етеді. Бұл гүл жоғары температураны ұнатпайды, сондықтан оны үнемі суғарып, ылғалдандырып, топырағын қышқылдандыру қажет.
Орхидеяның нәзіктігі
Орхидея – нәзік, әрі кербез гүл. Оны сатып алғаннан кейін екі апта бойы басқа өсімдіктерден алыста ұстаған жөн. Осы аралықта оны күн сайын су шашып, гүлдің зиянкестер мен ауруларға шалдықпауын бақылау қажет.

Содан кейін орхидеяны жаңа ыдысқа отырғызады. Орхидея салқын ауа, сыз тартқан жерлер, дұрыс таңдалмаған су, сапасыз тыңайтқыштар мен иесінің немқұрайлығынан тез солып қалуы мүмкін.
Көктемнің хош иісі
Соңғы уақытта сыйлық ретінде көктемде гүлдейтін баданалы өсімдіктерден құралған композициялар жиі таңдалады. Олардың қатарына гиацинт, нарцисс, мускари жатады. Кейін бұл гүлдерді далаға егіп қоюға болады. Нәтижесінде, бұл гүлдер жыл сайын көктемде гүлдеп, бағбанның көңілін қуантады.
Баданалы өсімдіктерді ашық топыраққа тамыз айының соңында немесе күзде отырғызады. Оларды отырғызатын шұңқырдың тереңдігі бадананың өлшемінен үш есе терең болуы керек. Түбіне 2-3 см құм себу қажет, бұл бадананың шіруіне жол бермейді.
«Әйел бақыты» және «ер бақыты»
Ешбір мереке спатифиллум («әйел бақыты») мен антуриум («ер бақыты») гүлдерінсіз өтпейді.
Спатифиллум бөлме температурасында жақсы өседі, әдетте, көктем басында гүлдейді. Бұл гүл шашыраңқы жарықты және жоғары ылғалдылықты ұнатады.
Жұмыс аптасының шаршауын басу үшін достармен бірге моншаға барып, хош иісті шөп шайын ішіп, моншаға түсудің рахатына жететін нәрсе жоқ.

Антуриумның да күтімі соған ұқсас. Бірақ ол сыз бен температураның күрт өзгеруінен қорқады. Топырағы қышқыл және жұмсақ болуы қажет.
Экзотикаға құмарларға
Егер ерекше сыйлық жасағыңыз келсе, хамелациум және анигозантос сияқты экзотикалық гүлдерді таңдауға болады.
Хамелациум үй жағдайында қыстан жаздың соңына дейін гүлдейді. Гүлдің нәзік бал иісі бар және ауаны тазартады. Ол орташа суғаруды және ашық жарықты жақсы көреді.
Ал анигозантос күн сәулесін жақсы көретін өсімдік. Жылы мезгілде оны балконда ұстаса да болады. Бұл гүл суды көп қажет етеді және топырағы міндетті түрде жұмсақ, ылғал өткізгіш болуы керек.
Осы ұсыныстарды ескере отырып, жақындарыңызға ұзақ уақыт қуаныш сыйлайтын ерекше гүлдерді таңдап бере аласыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







