Аспаннан жаңбыр жауғанын көрдіңіз, бірақ жерге бір тамшы жауын тамбады. Метеорологияда мұндай құбылыс «вирга» деп аталады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Вирга бұлттан жауған жаңбыр тамшыларының жерге жетпей, ауада буланып кетуі. Мұндай құбылыс көбіне ауасы құрғақ әрі ыстық аймақтарда байқалады.
Сондықтан вирганы шөл далада немесе теңіз деңгейінен биік аймақтарда жиі көруге болады. Әсіресе АҚШ-тың батыс аймақтарында, Канаданың далалық жерлерінде, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка мен Аустралия сияқты өңірлерде көп кездеседі.
Вирга жиі көрінетін құбылыс болғанымен, табиғаты нәзік әрі өте әдемі. Сіз оны талай мәрте байқаған боларсыз, бірақ оның ерекше атауы бар екенін білмеуіңіз де мүмкін.
Кейде ауа райы қосымшаларының радарында жаңбыр не қар көрсетілгенімен, далаға шықсаңыз, ешқандай жауын-шашын байқалмайды. Мұның себебі – төменгі ауа қабаттарындағы құрғақ әрі жылы ауа. Мұндай ортада жаңбыр тамшылары жер бетіне жетпей буланып кетеді.
АҚШ ұлттық ауа райы қызметі (NOAA) түсіндіргендей, «радар қателеспейді, жаңбыр тамшылары жерге түсер алдында ауада буланып кетеді».
Вирганы ажыратуды үйренгіңіз келсе, аспанға жиі қарап, осы құбылыстың түрлі формаларын салыстырып көріңіз. Егер вирганы суретке түсіріп алсаңыз, бізге жіберіңіз!
Айтқандай балық-педикюрі арқылы ВИЧ пен гепатит жұқтыру қауіпі зор екен. Абай болыңыздар!
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







