Қазіргі заманауи көліктердің барлығында дерлік USB порттары бар, олар смартфондар мен бейнетіркеуіштер сияқты құрылғыларды қуаттандыруға арналған. Бірақ бұл порттарға үнемі қосылып тұрған USB-құрылғылар автомобиль аккумуляторын әлсіретіп немесе оны толық разрядтап жіберуі мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz.
Көптеген көлік өндірушілері аккумулятордың зарядын сақтау мақсатында Retained Accessory Power (RAP), яғни «қосымша құрылғыларды уақытша қуаттандыру» функциясын қолданады. Оның басты міндеті қозғалтқыш өшкеннен кейін көліктің USB порттары мен мультимедиалық жүйелерін бірнеше минут бойы ғана қосып, белгілі бір уақыт өткеннен кейін олардың бәрін ажырату керек.
Көліктің USB порттары қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда генератордың арқасында энергиямен үздіксіз қамтамасыз етіледі. Бұл кезде аккумулятор қайта қуатталып отырады. Бірақ көлік қозғалтқышы өшкеннен кейін генератор жұмысын тоқтатады, сол сәтте барлық электр құрылғылары аккумулятордағы энергияны пайдалана бастайды. Осы тұста заманауи көліктерде USB порттарына түсетін электр қуатын автоматты түрде өшіру жүйесі қарастырылған.
Егер сіздің көлігіңізде RAP немесе соған ұқсас технология бар екеніне сенімді болмасаңыз, құрылғыны көліктен шықпас бұрын USB-порттан ажыратқан жөн. Себебі кейбір ескі үлгідегі автомобильдерде мұндай қорғау жүйесі болмағандықтан, ұзақ уақыт қосылып тұрған USB-құрылғылар аккумулятордың әлсіретеді.
Сонымен қатар, егер көлігіңізде USB-порт жеткіліксіз болса, ескі типтегі 12-вольтты автотемекі тұтандырғышқа арналған арнайы USB-адаптерлерді пайдалануға болады. Бірақ алдымен тұтандырғыш ұясы қозғалтқыш өшкеннен кейін өшетініне немесе тұрақты түрде жұмыс істей беретініне көз жеткізу қажет.
Егер қозғалтқыш өшкеннен кейін де ұя жұмыс істей беретін болса, USB-құрылғыларды ұзақ уақытқа қосып кету аккумулятордың толық разрядталуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайда USB-құрылғыларды ажыратып қойған абзал.
Автокөлік механик Төлеген көліктің тазартқыш щеткаларды әр алты ай сайын немесе кем дегенде жылына бір рет ауыстырған дұрыс екенін алға тартты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







