«Қазгидромет» 15 наурызға арналған дауылды ескерту жариялап, Астана, Шымкент пен еліміздің 16 облысында ауа райы күрт бұзылатынын ескертті деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Астанада көктайғақ пен тұман күтіледі. Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі, шығысында күндіз жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз де осы аумақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Көкшетауда түнде қар, күндіз жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады.
Қызылорда облысының орталығы мен шығысында күндіз жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, Қызылорда қаласында да жел 15 м/с-ке күшейеді.
Ұлытау облысының солтүстігі, орталығы мен оңтүстігінде, Жезқазғанда тұман болады.
Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен шығысында және Қарағанды қаласында тұман түседі.
Атырау облысының батысында күндіз шаңды дауыл тұрады, желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Павлодар облысының батысы, солтүстігі мен шығысында түнде қар жауып, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауып, көктайғақ болады. Павлодарда таңертең және күндіз қар мен жаңбыр аралас жауып, көктайғақ болады.
ШҚО-дағы ахуал қандай?
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, бұрқасын, ал оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Өскеменде күннің екінші жартысында көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында тұман түсуі ықтимал.
Абай облысының батысы мен солтүстігінде таңертең және күндіз қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Семейде күндіз көктайғақ болады.
Қостанай облысы мен Қостанай қаласында тұман болады. Жетісу облысының таулы аумақтарында түнде және таңертең тұман, Алакөл маңында жел 17-22 м/с-ке күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ, бұрқасын болады. Облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Петропавлда түнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ пен тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде, Оралда тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде күндіз жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Түркістан облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі мен таулы аумақтарында тұман, таулы аймақтарда жел 15-20 м/с күшейеді. Шымкент пен Түркістан қалаларында түнде және таңертең тұман түседі.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман, күндіз батысы мен орталығында желдің екпіні 15-18 м/с-ке жетеді. Ақтауда жел 15 м/с-ке күшейеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







