Түркістан облысында дауыс беруге келген азаматтар таңғы жаттығу жасап, ерекше белсенділік танытты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Түркістан қаласындағы №109 референдум учаскесінде таңмен таласа келген 50-ден астам спортшы мен жаттықтырушы дауыс беріп қана қоймай, учаске алдында таңғы жаттығуларын да өткізді.
«Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Осы айтулы шараға белсенді қатысып, азаматтық борышымызды орындауға келдік. Сонымен қатар біз тұрғындарға спорттың денсаулыққа пайдасы мен бұқаралық спорттың маңызын жеткізгіміз келді», – деді Түркістан қаласының тұрғыны Дәуіржан Мергенбай.
Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша жалпы 947 референдум учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап жұмыс істеп тұр. Учаскелердің ең көбі Сайрам ауданында – 89, Сарыағаш ауданында – 82, Жетісай ауданында – 75, Төлеби ауданында – 69 және Түркістан қаласында – 65 учаске. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Қанның қалыпты сұйықтық деңгейінде болуы, адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін аса маңызды. Сол себепті күніне 1,5-2 литр сұйықтық тұтыну қажет.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







