Түркістан облысында республикалық референдумға келген тұрғындарға арнап ерекше кітап және қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – ұлттық мәдениетімізді дәріптеп, тұрғындарға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлау. Мұнда ағаштан жасалған бұйымдар, тоқымадан өрілген заттар, сондай-ақ түрлі қазақы нақыштағы қолөнер туындылары қойылған. Дауыс беруге келген азаматтар ұлттық мәдениеттің озық үлгілерімен танысып, ерекше әсер алуда.
Жәрмеңке аумағында киіз үй тігіліп, оның айналасына көркем құрақ көрпелер төселген. Осылайша, тұрғындар дауыс беріп қана қоймай, тарихи және рухани құндылықтарға толы ерекше атмосфераны сезінуде.
Сонымен қатар, кітап көрмесі де ұйымдастырылып, онда тарих пен рухани мұраны дәріптейтін шығармалар көпшілік назарына ұсынылды.
Айта кетейік, бүгін Түркістан облысында барлығы 947 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Жалпы өңір бойынша дауыс беру құқығына ие азаматтардың саны – 1 миллион 187 мың 257 адам. Бұл облыс халқының 55,4 пайызына тең.
Тұқымды таңдағанда бірнеше маңызды жайтты ескеру керек. Ең алдымен, өсімдіктің сортына, күтілетін өнім көлеміне, бақшаңыздың аумағына және сақтау мүмкіндігіне назар аударыңыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







