«Ембімұнайгаз» АҚ ұнтақ күкірт өндіруді бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Қазақстанда жыл сайын шамамен 4,5 млн тонна күкірт өндіріледі, оның 400 мың тоннаға жуығы күкірт қышқылын өндіру үшін ішкі нарықта қалады, қалғаны экспортталады. Күкірттің ең ірі өндірушілері – «Теңізшевройл» мен Қашаған консорциумы. Күкіртті сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттары, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз», «Жайықмұнай» және тағы басқалар өндіреді.
Жаңа ұлттық стандарт жобасы
Алайда қолданыстағы нормативтік база тек дәстүрлі Клаус әдісімен алынатын кесекті, түйіршіктелген немесе сұйық күкіртті ғана реттейді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының «Техникалық газды ұнтақ тәріздес күкірт. Техникалық талаптары» ұлттық стандартының жобасы әзірленуде. Бұл жоба алғаш рет дайындалып жатыр және ұнтақ тәріздес күкіртке қатысты нормативтік құжаттардың ешқандай баламасы жоқ. Әзірленіп жатқан стандарт күкіртсутекті сұйық фазалы тотықтыру технологиясын (темір-хелатты каталитикалық жүйелерді қолдану арқылы) пайдалана отырып алынатын күкіртке қойылатын талаптарды белгілейді, бұл күкіртті ылғалдылығы 30%-ға дейінгі ұсақ дисперсті тұнба түрінде бөліп алуға мүмкіндік береді.
Басты мақсат – өнімді стандарттау, оған нақты физика-химиялық көрсеткіштерді, қауіпсіз қолдану, орау және сақтау ережелерін бекіту, ең бастысы – ауыл шаруашылығы үшін жоғары тиімді мелиорант ретінде жаңа өткізу нарығын ашу.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







