Кентау қаласының «Ынтымақ» орталық алаңында республикалық референдум күні ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жәрмеңкеге жергілікті шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер қатысып, халыққа сапалы әрі таза өнімдерін нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен бағамен ұсынды. Мұнда ет пен сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек және басқа да азық-түлік тауарлары қойылды.
Жәрмеңкеге келген тұрғындар мен дауыс берушілер тарапынан төмен бағамен ұсынылған өнімдерге деген сұраныс жоғары болды. Осындай шараны ұйымдастыру арқылы жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары халыққа қолжетімді бағамен өнімдерін ұсынып, әлеуметтік жауапкершілік танытты.
Айта кетейік, Түркістан облысында бүгінгі күні таңғы сағат 07:00-ден бастап 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Өңірде 1 миллион 187 мың 257 азамат дауыс беру құқығына ие, бұл жалпы облыс халқының 55,4 пайызына тең.
Танымал New England Journal of Medicine ғылыми журналы ең пайдалы диеталардың жаңа рейтингін жариялады. Екінші жыл қатарынан DASH диетасы жүрек саулығын сақтау үшін ең тиімді әрі пайдалы диета ретінде танылып отыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







