Орал қаласының студенті Аяулым Батырғалиева 18 жасқа толған туған күнінде өмірінде алғаш рет республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында осымен төртінші рет өтіп жатқан республикалық референдум мыңдаған жас қазақстандықтар үшін алғашқы дауыс беру мүмкіндігі болды. Солардың бірі – бүгін 18 жасқа толған оралдық студент Аяулым Батырғалиева. Аяулым өз туған күнінде учаскеге келіп, азаматтық ұстанымын білдірді.
«Бүгін мен үшін ерекше күн, өйткені мен тек кәмелетке толып қана қоймай, алғаш рет дауыс беріп, азаматтық ұстанымымды білдірдім. Енді мен өзімді шын мәнінде ересек адаммын деп санаймын», – дейді Аяулым.
Жас дауыс берушінің айтуынша, референдумға қатысу туралы шешімді ол ешкімнің нұсқауынсыз, өзі қабылдаған.
«Маған ешкім арнайы барып дауыс бер деп айтқан жоқ. Бір ай бұрын әлеуметтік желілерде, әсіресе Тик-Ток пен Инстаграмда референдум туралы ақпараттармен таныстым. Кейін банк қосымшасында жаңа Конституция жобасының сілтемесін көріп қалдым. Құжатты өз бетіммен оқып шығып, дауыс беремін деп бірден шешім қабылдадым», – дейді студент.
Референдум комиссиясының мүшелері алғаш рет дауыс берген әрі туған күнін атап өткен Аяулымды арнайы құттықтап, оған естелік сый ретінде құлаққап табыс етті. Бұл сыйлық бойжеткенге азаматтық белсенділігінің басталу символы ретінде тарту етілді.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанның барлық өңірлерінде республикалық референдум өтуде. Батыс Қазақстан облысы бойынша 489 референдум учаскесі ашылған.
Танымал New England Journal of Medicine ғылыми журналы ең пайдалы диеталардың жаңа рейтингін жариялады. Екінші жыл қатарынан DASH диетасы жүрек саулығын сақтау үшін ең тиімді әрі пайдалы диета ретінде танылып отыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







