Бүгін Түркістан облысындағы дауыс беру учаскелерінде ерекше форматтағы «Baursak party» шарасы ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Өңір тұрғындары референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауға келген сәтте оларға ұлттық тағамдар ұсынылып, ыстық бауырсақтан дәм татуға мүмкіндік жасалды. Әсіресе Қазығұрт және Түлкібас аудандарында жайылған мерекелік дастарқаннан дәм татушылардың саны көп болды.
– Бүгінгі ерекше бастаманы ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Ұлттық тағамдарымыздан дәм татқызған бұл шара дауыс беру күніне ерекше рең беріп, мерекелік көңіл-күй қалыптастырды. Саяси науқан мен Наурыз мерекесі қатар келіп отыр, сондықтан мұндай шараның маңызы зор, – деді Түлкібас ауданының тұрғыны Жібек Ибрагим.
Айта кетейік, Түркістан облысында бүгінгі республикалық референдум күні таңғы сағат 07:00-ден бастап 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Өңірде 1 миллион 187 мың 257 азамат дауыс беру құқығына ие, бұл жалпы облыс халқының 55,4 пайызын құрайды.
Танымал New England Journal of Medicine ғылыми журналы ең пайдалы диеталардың жаңа рейтингін жариялады. Екінші жыл қатарынан DASH диетасы жүрек саулығын сақтау үшін ең тиімді әрі пайдалы диета ретінде танылып отыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







