Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында ерекше жағдай орын алды. Парапланерист Николай Петинцев республикалық референдум күні тікелей сайлау учаскесінің алдына қонды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Экстремал қаладағы №42 мектепте орналасқан учаскеге келіп, өз таңдауын жасады. Оның айтуынша, бұл ерекше әрекет арқылы азаматтардың назарын ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаға аударып, белсенділігін арттырғысы келген.
– Әрбір қазақстандық өзінің азаматтық борышын орындап, мемлекеттің болашағына жауапкершілікпен қарағаны жөн. Мен бұл іс-әрекетіммен жастарды белсенділік танытып, қоғамдық өмірге қатысуға шақырғым келді, – деді парапланерист Николай Петинцев.
Айта кетейік, бүгін Шығыс Қазақстан облысында 533 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Тұрғындардың белсенділігі жоғары деңгейде байқалады.
USB-құрылғылар үнемі қосылып тұрса автомобиль аккумуляторын әлсіретіп, оны толық разрядтап жіберуі мүмкін. Назарға алыңыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







