Атырау облысында республикалық референдумға вахталық әдіспен жұмыс істейтін мұнай-газ саласының мамандары белсенді түрде қатысуда, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жедел деректерге сәйкес, өндірістік аймақтар мен вахталық елді мекендерге жақын жерде ұйымдастырылған дауыс беру учаскелерінде 5 мыңнан астам мұнайшы өз таңдауын жасап үлгерді.
Облыстағы ірі мұнай-газ жобаларының вахталық жұмыс кестесі ескеріліп, арнайы сайлау учаскелері ашылған. Теңіз, Қарабатан, Қашаған, Прорва, Кенбай, Доссор, Мақат, Забурын кен орындарында қызмет ететін мұнайшылардың дауыс беруі үшін барлық жағдай алдын ала жасалған.
Мұнай-газ саласы мамандарының айтуынша, референдумға қатысу – шалғайда орналасқан кен орындары мен вахталық жұмыс кестесіне қарамастан, өз азаматтық ұстанымын білдірудің маңызды мүмкіндігі.
Өңірдегі референдум комиссиясының хабарлауынша, облыстағы дауыс беру үдерісі жоспарлы түрде өтуде. Облыс тұрғындары учаскелерге отбасыларымен бірге келіп, белсенділік танытуда.
Айтқандай, ұйқы безінің қабынуына қарсы зерттелген ең тиімді дәмдеуіш – куркума екенін білесіз бе?
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







