Жетісу өңіріндегі маңызды мемлекеттік науқан – республикалық сайлауға Жоңғар Алатауы мекемесінің қызметкерлері ұйымшылдықпен келіп, біркісідей дауыс берді. Ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын көрсеткен ұжым мүшелері азаматтық жауапкершіліктің айқын үлгісін танытты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Сайлау күні таңертең мекеме қызметкерлері сайлау учаскесіне бірлесіп келіп, өз таңдауларын жасады. Бұл көрініс – тек азаматтық парызды орындау ғана емес, бірлік пен ынтымақтың жарқын белгісі. Олар үшін бүгінгі күн мемлекетіміздің келешегін айқындайтын маңызды сәт екенін атап өтті.
Ұжым мүшелерінің айтуынша, әрбір дауыс – ел тағдыры үшін маңызды. Сондықтан сайлауға қатысу – әр азаматтың міндеті ғана емес, мемлекет дамуына қосқан нақты үлесі.
– Бүгінгі саяси науқанға қатысып, дауыс беру арқылы біз мемлекетіміздің тұрақты дамуын, қоғамдық келісім мен татулықты қолдайтынымызды білдірдік. Әр азаматтың белсенділігі – қоғамдағы демократияның басты көрсеткіші. Біз бірлікпен, ұйымшылдықпен келіп, ел болашағы үшін дұрыс шешім қабылдауымыз қажет, – деді мекеме ұжымы.
Жоңғар Алатауы мекемесі қызметкерлерінің бұл белсенділігі қоғамға үлгі болары анық. Осындай бастамалар арқылы ел ішіндегі бірлік пен ынтымақ нығайып, азаматтардың саяси белсенділігі арта түседі. Әрбір сайлаушының дауысы – ел болашағын айқындайтын маңызды қадам екендігін бүгін тағы бір мәрте көрсетті.
Айтқандай, ұйқы безінің қабынуына қарсы зерттелген ең тиімді дәмдеуіш – куркума екенін білесіз бе?
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







