Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сәуір айына белгіленген салық міндеттемелерін дер кезінде орындауға шақырды. Уақытында төленбеген салықтар үшін өсімпұл қосылатынын ескертті деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Салықтарды төлеудің негізгі мерзімдері:
1 сәуірге дейін:
- 2025 жылғы көлік салығы.
6 сәуірге дейін:
- Жеке практикамен айналысатын азаматтардың наурыз айы үшін жеке табыс салығы (ЖТС).
10 сәуірге дейін:
- Корпоративтік табыс салығы (КТС) – 2025 жыл үшін соңғы есеп айырысу;
- Төлем көзінен ұсталмайтын кірістер бойынша ЖТС – соңғы есеп;
- Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары (соның ішінде үстеме пайда салығы және балама салық);
- Жер және мүлік салығы – 2025 жыл үшін соңғы есеп айырысу;
- 2025 жылға арналған декларация бойынша көлік салығы және 2025 жылдың 1 шілдесінен кейін пайда болған міндеттемелер бойынша төлемдер.
15 сәуірге дейін:
- Ақпан айына арналған акциз декларациясы;
- Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың (платформалар арқылы) наурыз айындағы ЖТС.
20 сәуірге дейін тапсыру қажет:
- 101.02-формасы – КТС бойынша 2026 жылдың II–IV тоқсандары үшін аванстық төлемдер есебі;
- 328.00-формасы – наурыз айында тауарларды импорттау және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
- 851.00-формасы – жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлемдерді есептеу;
- 870.00-формасы – қоршаған ортаға келтірілген залал үшін төлемдер туралы декларация.
Сонымен қатар 20 сәуірге дейін төленуі тиіс:
- ЕАЭО аясындағы наурыз айындағы ҚҚС;
- ЕАЭО елдерінен импортты қоса алғанда, акциздер;
- Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем.
27 сәуірге дейін:
- Сәуір айы үшін КТС аванстық төлемдері;
- Наурыз айы үшін төлем көзінен ұсталатын КТС және ЖТС;
- Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдер;
- Сыртқы жарнама орналастырғаны үшін сәуір айындағы төлем;
- Наурыз айы үшін бірыңғай төлем;
- Наурыздағы әлеуметтік төлемдер (міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы, жұмыс берушінің жарналары, әлеуметтік салық, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және МӘМС жарналары).
Мемлекеттік кірістер департаменті салық міндеттемелерін кешіктіру айыппұл мен өсімпұлға әкелетінін еске салды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







