Грузиядан Қазақстанға қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген алаяқ экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті ұйымдасқан топтың мүшесі бола отырып, 2019-2021 жылдар аралығында Қазақстанның бірнеше өңірінде қаржы пирамидасының құрылымдарын басқарған. Қылмыстық топ азаматтарға жоғары табыс уәде ету арқылы 10 миллиард теңгеден астам қаражат тартқан.
Бас прокуратураның хабарлауынша, осы іске қатысы бар бірқатар адам бұған дейін нақты мерзімге сотталған. Ал аталған күдікті қылмыс жасалғаннан кейін жасырынып кеткен. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.
2026 жылдың ақпан айында ол Грузия аумағында ұсталған. Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы негізінде күдікті елге қайтарылды.
Қазір ол тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған айыптар дәлелденсе, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.
Автокөлік иелерінің арасында мотор майының қарайып кетуі майды шұғыл ауыстыру керегін білдіреді деген түсінік кең тараған. Алайда бұл шындыққа жанаспайды. Керісінше, майдың түсінің қоюлануы оның өз қызметін дұрыс атқарып жатқанын көрсетеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







