Жетісу облысында түнде жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуі Жаркент маңында болғанымен, Қазақстан аумағында оның сезілуі туралы мәлімет түспеген, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жедел мәліметке сәйкес, жер сілкінісі 31 наурыз күні Астана уақытымен сағат 00:42-де болған. Эпицентрі Жаркент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы 4,4, энергетикалық класы K=9.3 деп көрсетілді.
Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында дүмпудің сезілгені туралы ресми ақпарат жоқ. Зардап шеккендер мен қирау жөнінде де мәлімет жарияланбаған.
Еске салсақ, бұған дейін 19 ақпанда Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркеліп, оның магнитудасы 5,3 болған еді. Сол кезде жерасты дүмпуін Алматы облысының тұрғындары сезген.
Әнші Мөлдір Әуелбекова бұл жолы тыңдарманын жаңа жазбасымен елең еткізді. Өнер иесі шетелге барған сапарында жай қыдырып бармай, пәтер қарап жүргенін айтып, алдағы жоспарына қатысты ишара жасады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







