Биыл 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді. Оқу-ағарту министрлігі қабылдау науқанын бұрынғыдай 1 сәуірден емес, 27 мамырдан бастау туралы шешім қабылдады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Министрліктің түсіндіруінше, мұндай өзгеріс өткен жылдардағы тәжірибені саралау нәтижесінде қабылданған. Негізгі мақсат – құжат қабылдау процесін барынша тиімді әрі сапалы ұйымдастыру және оқу жылы жүріп жатқан кезде артық кедергі туғызбау.
Жаңа тәртіпке сәйкес, биыл 1-сыныпқа құжат қабылдау 27 мамыр, сәрсенбі күні басталып, 31 тамызға дейін жалғасады. Яғни ата-аналарға баласын мектепке тіркеу үшін жаз бойы жеткілікті уақыт беріледі.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта қабылдау жүйесінің техникалық базасы бірнеше мәрте тексеріліп жатыр. Бұл ата-аналарға ыңғайлы жағдай жасау және өтініш беру процесін жеңілдету үшін қолға алынған. Ведомство алдағы уақытта жүйенің қалай жұмыс істейтіні жөнінде қосымша ақпарат беретінін де хабарлады.
Осылайша, биыл мектеп табалдырығын аттайтын балалардың ата-анасы үшін қабылдау мерзіміндегі бұл өзгеріс маңызды жаңалыққа айналып отыр. Енді негізгі науқан көктемнің басында емес, мамырдың соңында басталады.
Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік апат туралы мәлімдеме жасап, полицияның қатысы болуы мүмкін деген болжамды алғаш жариялаған заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







