Қазақстанның ірі қалалары мен облыс орталықтарында алдағы күндері көбіне жауын-шашынсыз көктемгі ауа райы сақталады. Дегенмен кей өңірлерде жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz.
Елордада күн құбылмалы болады, бірақ жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 5–10 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы -1…+1 градус аралығында болса, күндіз +13…+15 градусқа дейін жылиды.
Алматыда күн ашық болады. Жел әлсіз, 3–8 м/с шамасында соғады. Түнде +12…+14 градус жылы болса, күндіз нағыз көктемгі жайлы ауа райы орнап, +25…+27 градусқа дейін көтеріледі.
Шымкентте де жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с болады. Түнгі температура +13…+15 градус болса, күндіз +27…+29 градусқа дейін жетеді.
Елдің батысында ауа райы тұрақсыздау болады. Ақтау, Атырау және Орал қалаларында бұлтты күн райы сақталып, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы 14 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Күндіз Ақтауда +12 градус, Оралда +22 градус шамасында болады. Ақтөбеде жауын-шашын болмайды, бірақ жел екпіні 15 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Күндізгі температура +23…+25 градус болады.
Оңтүстіктегі Тараз, Түркістан және Қызылорда қалаларында күн жылы болады. Қызылорда мен Түркістанда ауа температурасы +30 градусқа дейін көтеріледі. Қызылордада жаңбыр жаууы мүмкін. Ал Таразда жел күшейіп, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Орталық және шығыс өңірлерде де негізінен жауын-шашын болмайды. Қарағанды мен Жезқазғанда күн ашық, күндізгі температура +17 градустан +25 градусқа дейін жетеді. Павлодарда тұман күтіледі, күндіз +9…+11 градус болады.
Өскемен мен Семейде түнде -3 градусқа дейін үсік сақталады. Ал күндіз ауа +8…+15 градусқа дейін жылиды.
Солтүстіктегі Көкшетау, Қостанай және Петропавлда күн құбылмалы болғанымен, жауын-шашын күтілмейді. Бұл өңірлерде күндізгі температура +13…+18 градус шамасында болады.
Үйде бос тұрған ескі теледидарды көп адам тек артық зат ретінде көреді. Бірақ оны дұрыс пайдалансаңыз, қарапайым телевизор жұмысқа, оқуға немесе күнделікті цифрлық тірлікке ыңғайлы қосымша экранға айналдыруға болады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







